ЖАҚСЫ ЖАҢАЛЫҚТЫҢ ЖАРШЫСЫМЫЗ!
«Психология және тәрбие» журналының алғашқы нөмірі жарық көрді – бұл Психологиялық қолдау және тәрбие жұмысы орталығы командасы үшін көптен күткен әрі маңызды қадам!
Облысымыздың әр ауданынан құнды материалдарын жіберген авторларға үлкен алғысымызды білдіреміз – бірге біз мықты кәсіби қауымдастық қалыптастырып жатырмыз!
Айтпақшы, біздің қауымдастыққа жақын шетелдерден әріптестер де қосылғысы келіп отыр! Бұл – тағы бір қуанышты жаңалық.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: журналымыздың мұқабасына арналған фотосуреттер байқауын жариялаймыз! Басылымның келесі шығарылымдарының бет-бейнесі болғыңыз келе ме? Онда сапалы әрі ерекше отбасылық фотосуретіңізді жіберіңіз!
Мақалаларыңыз бен фотоларыңызды асыға күтеміз! Журналдың екінші нөмірі маусым айының соңында шығады!