«ТИІМДІ АТА-АНА БОЛА БІЛУЫ: БАЛАМЕН СЕНІМГЕ ҚҰРЫЛҒАН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС» – ҚАРАБАЛЫҚ АУДАНЫНДА ӨТКЕН ТРЕНИНГ
Бұл тренинг Қарабалық ауданының Славян жалпы білім беретін мектебінде өтті. Оны мектептің психологиялық қызметі мен Орталықтың облыстық «Отбасылық клуб» жобасы аясында педагог-психолог Ержанбаева Е.В. ұйымдастырды.
Сабақ барысында сенімді қарым-қатынас – тәрбиенің үйлесімді негізі екені айтылды. Бала қолдау сезінген кезде ашыла бастайды, өз сезімдері туралы айтуға және шешім қабылдауға үйренеді.
Ата-аналарға «Мен-хабарламалар» жаттығуы өте ұнады. Бұл жаттығуда олар айыптаудың орнына («Сен тағы да…!») «Мен ренжимін, егер сен…» деп айтуға машықтанды. Мұндай сөйлемдер қақтығысты азайтып, ашық диалогқа жол ашады.
«Сенің хикаяң» ойыны да сәтті өтті. Әр қатысушы белгілі бір жағдайды баланың атынан баяндап берді – бұл оларға баланың көзімен әлемге қарауға көмектесті.
«Бала дауысы» жаттығуында педагог-психолог балалардың фразаларын немесе мінез-құлқын сипаттап беріп отырды, ал ата-аналар сол сөздің немесе әрекеттің артында қандай сезім немесе қажеттілік тұруы мүмкін екенін анықтауға тырысты. Мысалы: «Мен мектепке бармаймын!» – бұл сөздің артында қандай эмоциялар бар? Немесе бала ренжіп үндемей отырса – ол не сезінуі мүмкін?
Сабақтың басты қорытындысы – ата-ана болу дегеніміз бақылау емес, серіктестік!