ҚОСТАНАЙ МЕКТЕБІНДЕ ЖАЗҒЫ АЛАҢДА БАЛАЛАРҒА БУЛЛИНГКЕ ҚАРСЫ ТҰРУДЫ ҮЙРЕТУДЕ
Қостанай қаласындағы №21 орта мектепте «Позитив академиясы» атты жазғы алаң сәтті жұмыс істеуде. Бұл жерде біздің Орталықтың жобасы аясында балалардың психологиялық денсаулығына пайдалы әрі қызықты көптеген іс-шаралар өткізіліп жатыр.
Солардың бірі – буллингтің алдын алуға арналған тренинг. Тренинг «Буллинг – қалай тану, әрекет ету және өзіңді қорғау» деп аталды.
Сабақтың мақсаты – буллингтің түрлі түрлері туралы хабардарлықты арттыру, өзін-өзі қорғау мен сенімді мінез-құлық дағдыларын дамыту, жасөспірімдерді бір-бірін қолдауға және бей-жай қарамауға үйрету.
Тренинг «Сәлем, досым» атты жағымды көңіл күй қалыптастыратын жаттығумен басталды. Бұл балалар арасында достық атмосфера орнатуға көмектесті. Одан кейін мектеп психологы Тулешова А.М. оқушыларға буллинг туралы жан-жақты түсіндіріп, балалардың өзін-өзі қорғау және күйзеліске қарсы тұру қабілетін дамытуға арналған жаттығулар жүргізді.
Осылайша балалар ойын түрінде қақтығыстарды зорлық-зомбылықсыз шешуді үйреніп, бір-біріне мейірімді әрі дос болуға тәрбиеленді.