ОТБАСЫ – СҮЙІСПЕНШІЛІК ПЕН ТӘРБИЕНІҢ БАСТАУЫ: ҚАРАСУ АУДАНЫНДА АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру және отбасылық құндылықтарды нығайту мақсатында Қарасу ауданы, Амангелді орта мектебінде «Отбасы – баланың өмірі мен дамуының жеке микрoортасы. Отбасының адамгершілік және мәдени құндылықтары» тақырыбында тренинг элементтерімен ата-аналар жиналысы өткізілді.

Кездесу мектептің психологиялық қызметі арқылы біздің Орталықтың «Отбасылық клуб» жобасы аясында ұйымдастырылды.

Мұндай форматтағы іс-шара бағдарламасында әрқашан қызықты сәттер болады. Бұл жолы ата-аналар «Біз бірге» бейнеролигін тамашалап, балалардың ата-аналарынан үлгі алатыны және отбасындағы атмосфераның бала дамуына қаншалықты маңызды екені туралы пікір алмасты.

Қатысушыларға «Сөз бұлты», «Отбасының денесі», «Сіздің отбасыңыздың құндылықтары», «Отбасы бақытының әліппесі» сияқты интерактивті жаттығулар ұнады. Бұл жаттығулар отбасындағы тәрбиенің маңызын терең ұғынуға ықпал етті.

Жиналыс соңында ата-аналар «Отбасы бақытының негізі» атты жадынама дайындады. Яғни, дайын ақпарат таратылған жоқ, оны ата-аналардың өздері жасады. Ұйымдастырушылар тарапынан өте тың идея!

Іс-шара ата-аналарға ұнағаны сөзсіз. Олар алған мәліметтерді отбасылық «жүк қоржындарына» салып алды деп сенеміз.


1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg