ОТБАСЫНДАҒЫ ЖАЙЛЫЛЫҚ, ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ЖАН ДҮНИЕ ТЕҢДЕСТІГІ ЖАЙЛЫ – ЛИСАКОВ ҚАЛАСЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ
Лисаков қаласындағы №6 орта мектебінде ата-аналармен кездесу өтті. Іс-шара мектептің психологиялық қызметі мен біздің Орталықтың «Отбасылық клуб» жобасы аясында ұйымдастырылды.
Кездесудің басты тақырыбы – отбасындағы эмоционалдық ахуал. Бұл – ересектердің әл-ауқатынан бастап, балалар үшін психологиялық қауіпсіз орта қалыптастырудағы олардың рөліне дейінгі маңызды мәселелерді қамтыды.
Қатысушылар келесі мәселелерді талқылады:
- ата-аналардың эмоционалдық саулығының маңыздылығы,
- ересектердің ішкі күйінің үйдегі атмосфераға әсері,
- эмоционалдық шаршаудың белгілері,
- қалпына келу және өзін-өзі қолдау тәсілдері.
Кездесудің ерекше әсер қалдырған сәті – педагог-психолог Садвакасова Д.С. өткізген «Мен – отбасымның ресурысымын» атты тәжірибелік жаттығу болды. Ата-аналар өздері туралы, күш-қуаттары мен отбасындағы рөлдері жайлы маңызды сөйлемдерді аяқтады. Бұл олардың отбасылық үйлесімге қосқан үлесін түсінуге және сенімділікпен шабыттануға мүмкіндік берді!
Бұл іс-шара қатысушыларға отбасы ішіндегі климатты жақсартуға арналған нақты құралдар беріп, жаңа кездесулер мен қарым-қатынасқа ынталандырғаны сөзсіз!