РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕҢЕС: БАЛАЛАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Мен Республикалық кеңеске қатыстым, онда бірқатар өзекті мәселелер көтерілді.
Олар білім беру ұйымдарындағы балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету, Психологиялық қолдау орталықтарының функциялары, ведомствоаралық өзара іс-қимыл және мемлекеттік органдар арасындағы интеграция тақырыптарын қамтыды.
Кеңес қатысушыларының назарында отбасылық институтты нығайту, ата-аналардың тәрбиелеу ісіне белсенді араласуын және олардың рөлін күшейту мәселелері де болды.
Тағы бір аса маңызды мәселе қаралды. Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша әрбір баланың құқықтары мен әл-ауқатын кешенді қорғауға бағытталған «Қазақстан балалары» атты ауқымды мемлекеттік бағдарлама әзірленіп жатыр.
Бұл бағдарлама баланың өмірінің барлық саласын қамтиды: білім, денсаулық, әлеуметтік қорғау және қауіпсіздік. Бағдарламаны әзірлеуге және жүзеге асыруға мемлекеттік органдар, ата-аналар, педагогтер, дәрігерлер, әлеуметтік қызметтер мен үкіметтік емес ұйымдар қатысады.
Кеңесте сөйлеген сөзімде мен Психологиялық қолдау орталықтары мамандарының кәсіби құзыреттілігіне ерекше назар аудардым. Атап айтқанда – бұл орталықтардың директорлары, психологтар мен әдіскерлер үшін кәсіби оқыту қажеттігін атап өттім.
Бұл – өте өзекті мәселе. Себебі жоғары оқу орнын енді бітірген жас мамандар педагог-психолог жұмысының толық аясын түсіне бермейді, сол себепті олар жұмыста түрлі қиындықтарға тап болады. Әсіресе, кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтің алдын алу және халықтың психологиялық сауаттылығын арттыру мәселелерінде үлкен олқылықтар бар.