БІЗДІҢ ОРТАЛЫҚ ҚОНАҚТАРЛЫ ҚАРСЫ АЛДЫ
Бүгін бізге Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Хаберұлы Нарымбетов келіп, Психологиялық қолдау орталығының жұмысымен жеке танысты. Онымен бірге білім басқармасы басшысының орынбасары Айда Төлендинқызы да келді.
Біз әрбір бөлмені аралап, мамандардың жұмысымен таныстырдық, жобаларымыз бен идеяларымызды талқыладық. Әсіресе, өзіміздің журналымызды шығару бастамасына қолдау білдірілгені бізге ерекше қуаныш сыйлады – бұл бағыттың дұрыс екенін білдіреді!
Жұмыс барысындағы маңызды мәселелер де талқыланып, алдағы ынтымақтастықтың бағыты айқындалды. Кездесу ұзақ болмаса да, мазмұнды өтті.
Келгендеріңізге және ісімізге қызығушылық танытқандарыңызға алғысымызды білдіреміз!