Бұл тренингке Қоржынкөл мектебінің 4-сынып оқушылары қатысты. Оны педагог-психолог Маслова М.В. «ДосболLIKE» бағдарламасы аясында, буллингтің алдын алу мақсатында өткізді.
Мұндай психологиялық сабақтардың негізгі мақсаты – оқушыларды бір командаға біріктіру, бір-бірімен тиімді қарым-қатынас жасауға үйрету және оқу орнында қолайлы психологиялық атмосфера қалыптастыру.
Қоржынкөл мектебінің педагог-психологы өз сабағында «ынтымақтастық» ұғымына ерекше назар аударды. Балалармен бірге осы сөздің мәнін ашып, командамен, бірлесіп жұмыс істеудің мүмкіндіктерін талқылады.
Сондай-ақ ортақ істің бір бөлігі болудың қаншалықты маңызды екені айтылды. Адамды түсінген, қолдаған және көмек көрсететін ортада болу – өте жақсы сезім!
❗❗ Сабақ соңында балалармен бірлесе отырып жасалған қорытынды да өте орынды болды: әр оқушы өзіне тән қабілетке ие және ортақ іске өз мүмкіндігіне қарай үлес қоса алады. Сондықтан «ынтымақтастық» – олардың сыныбы үшін өте маңызды қасиет








