«Педагогтар мен ата-аналарға психологиялық қолдау: бала игілігі үшін серіктестік» атты семинар-практикум Қамысты ауданында өткен ірі облыстық жобаның қорытынды шарасы болды.
Іс-шараға барлығы 100 адам қатысты: 50 педагог және 50 ата-ана, оның ішінде «ерекше назардағы» балалардың ата-аналары да бар.
Пленарлық отырыс барысында спикерлер отбасы мен мектеп арасындағы өзара әрекеттестік, эмоционалдық күйзелістің алдын алу және психологиялық қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру мәселелерін талқылады.
Семинардың практикалық бөлімінде тренингтер, секциялар және шеберлік сабақтары өтті:
«Отбасыларға дағдарыс жағдайында психологиялық сүйемелдеу» – қатысушылар шынайы жағдайларды талдап, қиындықтарға тап болған отбасыларға көмек көрсетудің стратегияларын меңгерді.
«Педагогтардың кәсіби күйзелісінің алдын алу» – педагогтар өзін-өзі реттеу және эмоционалдық жеңілдеу әдістерін тәжірибеде қолдануды үйренді.
«Педагог пен ата-аналар арасындағы тиімді өзара әрекеттестік» – ата-аналар серіктестік моделдерін талқылап, рөлдік жағдайларды ойнап, конструктивті қарым-қатынас тәсілдерін меңгерді.
«Балалар мен ата-аналар қарым-қатынастарын үйлестіруге арналған психологиялық ойындар» – ата-аналар балалармен сенімге негізделген қарым-қатынас орнатудың практикалық тәсілдерімен танысты.
Жалпы алғанда, облыстық семинар – соның ішінде Қамысты ауданындағы басқосу – отбасылардың назарын балалық шақтың өзекті мәселелеріне аударуға, мектеппен бірге қиындықтарды ашық талқылауға және тиімді шешімдер табуға мүмкіндік берді.
Іс-шараның маңызды нәтижелерінің бірі – қатысушылардың өз пікірлері: олар практикалық жаттығулардың, кейстердің және рөлдік ойындардың құндылығын атап өтті, сондай-ақ мұндай кездесулер отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға көмектесетінін баса айтты!
Құрметті ата-аналар, әріптестер, біз балаларымыз үшін одан да үйлесімді, қауіпсіз және қолдаушы білім беру ортасын қалыптастыру жолында тағы бір маңызды қадам жасадық!








