Боскөл мектебінде өткен ата-аналар жиналысында жасөспірімдердің тәуекелді мінез-құлқының белгілері, суицидтің алдын алу және буллинг мәселелері талқыланды.
Бұл тақырып әрбір ата-ананы да, әрбір педагогты да алаңдатады. Бұл – бәріміз үшін ортақ уайым! Сондықтан әр баланы назарға алып, оған қажет қолдауды көрсету үшін отбасы мен оқу орны арасындағы ынтымақтастықты жолға қою өте маңызды.
Педагогтар ата-аналарға қажетті ақпарат беруге тырысады, өзекті мәселелерге назар аударады. Ал ата-аналарға психологиялық білімге жауапкершілікпен қарау қажет. Өйткені бұл білімдер бала психологиясының жас ерекшеліктерін түсіндіреді және «бақытты отбасы» моделін қалыптастыруға көмектесетін мінез-құлық стратегияларын ұсынады.
Дәл осы мектепте қатысушыларға балалардың тәуекелді мінез-құлқының негізгі белгілері, дер кезінде әрекет ету тәсілдері және осындай жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік беретін шаралар туралы кеңінен түсіндірілді.








