Жасөспірімдерге күйзеліс пен мазасыздықты еңсеруге қалай көмектесуге болады? Жауабы – оларды өзін-өзі реттеуге, саналы болуға және бір-біріне қолдау көрсетуге үйрету.
Облысымыздың білім беру ұйымдарында күйзеліске төзімділікті дамытуға бағытталған тренингтер тұрақты түрде өткізіліп келеді. Осындай сабақтардың бірі жуырда Лисаков қаласындағы Октябрь орта мектебінің 9-сынып оқушыларына арналды.
Педагог-психолог оқушылармен бірге, әсіресе өмірдің маңызды кезеңдерінің алдында өз эмоцияларын басқарудың неге маңызды екенін талқылады.
Жасөспірімдер тек күйзеліс туралы айтып қана қоймай, оны еңсерудің түрлі тәсілдерін тәжірибеде байқап көрді – ішкі кернеуді мазасыздыққа емес, ресурсқа бағыттауды үйренді.
Сабақтың ерекше тұсы – «Антикризистік плейлист» болды. Бұл – тынышталуға, сабырлық сақтауға, назарды басқа арнаға бұруға көмектесетін дыбыстар мен әуендер топтамасы. Музыка, табиғаттың дыбыстары, ырғақтар – ішкі тепе-теңдікті қалпына келтіретін сенімді құрал.
Оқушылар жасаған тағы бір маңызды қорытынды: күйзеліске төзімділік – тек «өз бетіңше күресу» ғана емес, сонымен қатар достар мен жақындардың қолдауын қабылдай білу, қажет кезде жанынан табыла алу.
Жеке өзіме мұндай сабақтар ұнайды, себебі олар маңызды өмірлік дағдыларды қалыптастырады, өзіне және өзгеге қамқор болуды үйретеді әрі жасөспірімдерді кез келген сын-қатерге сенімдірек қарсы тұруға дайындайды.








