Облыстық «Отбасылық клуб» жобасы аясында Амангелді ауданы, Рассвет орта мектебінде педагог-психолог Жасұлан Е.Ж. ата-аналарға арналған «Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын» тақырыбында маңызды тренинг өткізді.
Іс-шараның мақсаты – ата-аналарға қауіпсіз отбасылық ортаның маңызын ұғындыру және зорлық-зомбылықтың түрлі түрлерін: физикалық, психологиялық, эмоционалдық – танып, олардан сақтану жолдарын үйрету.
Тренинг бағдарламасында:
Зорлық-зомбылықтың бала психикасына әсерін талқылау.
Қақтығыстардың алдын алу бойынша практикалық кеңестер.
Дағдарыс жағдайында конструктивті мінез-құлық үлгілері.
Ата-аналардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Отбасындағы қолдау мен сенімнің маңыздылығына назар аудару.
Ата-аналар тренингке қатысу өздерінің кейбір көзқарастарын қайта қарауға, тиімді қарым-қатынас жасау құралдарын меңгеруге және баланың тірегі болуда ересек адамның рөлін терең түсінуге мүмкіндік бергенін атап өтті.
«Отбасы – бұл баланың өзін қауіпсіз сезінуі тиіс орын. Балалар үшін бұл әлемнің қандай болатыны бізге, ата-аналарға байланысты», – деген оймен кездесу аяқталды.
Әрбір отбасында түсіністік, сыйластық пен жылулық орын алсын!