АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ: «БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ – БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ МІНДЕТ!»

Арқалық қаласындағы Т.Әубәкіров атындағы жалпы білім беретін мектепте Орталығымыздың облыстық «Отбасылық клуб» жобасы аясында өте маңызды мәселелерге арналған ата-аналар жиналысы өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы аутоагрессивті мінез-құлықтың, зорлық-зомбылық пен буллингтің алдын алу бағытында отбасыларға профилактикалық қолдау көрсету.

Жиналыс барысында:

  • Жасөспірімдердің психоэмоциялық жағдайы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді;
  • Буллинг пен кибербуллингтің белгілері, себептері және алдын алу шаралары қарастырылды;
  • Ата-аналардың қатысуымен тренингтік жаттығулар өткізілді.
  • Тақырыпқа байланысты бейнероликтер көрсетіліп, белсенді пікір алмасу ұйымдастырылды.

Жиналыс соңында педагог-психолог ата-аналарға қажетті ақпараттары бар жадынамалар таратты.

Кездесудің басты нәтижесі – ата-аналар мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту және балалар үшін қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыру бағытындағы бірлескен жұмысты күшейту болды.

Дұрыс қорытынды жасалды: баланың қауіпсіздігі – тек мектептің емес, әрқайсымыздың жауапкершілігіміз!


1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg