Новоильинов мектебінде педагог-психолог 5–6 сынып оқушыларымен тренинг өткізіп, оларды мейірімді қарым-қатынасқа, өзара түсіністік пен құрметке үйретті.
Бұл қасиеттерге оқушылар түрлі топтық ойындар, «сенім деген не», оны қалай сақтау керек және оның достық пен оқу үшін неге маңызды екені туралы талқылаулар арқылы үйренді.
Маңыздысы – жасөспірімдер тыңдай білуді, өз сезімдерін ашық жеткізуді және өзгелерге мұқият болуды меңгерді!
Тренинг соңында қатысушылар ортақ қорытындыға келді: сенім — өзімізден басталады!








