Бұл тек «әңгіме құру» үшін өткен кездесу емес, тренинг элементтері енгізілген арнайы сабақ болды. Негізгі мақсат – ересектерге жағдайды баланың көзімен көруді, оның эмоциялық реакцияларын, қажеттіліктері мен сезімдерін білдіру тәсілдерін түсінуге көмектесу.
Ата-аналар эмпатия дағдыларын дамытуға арналған практикалық әдістермен танысып, эмоцияларды қабылдау жаттығуларын орындап, балаларымен қарым-қатынас орнатудың жаңа тәсілдерін меңгерді.
Сабақ соңында ата-аналар баланың мінез-құлқының артында қандай сезімдер тұрғанын жақсырақ түсінгендерін, оған өз сезімдерін еркін жеткізуге мүмкіндік берудің маңызын атап өтті. Көпшілігі бұрыннан таныс жағдайларға мүлде басқа қырынан қарай бастағандарын мойындады 🔎
Мұндай кездесулер ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайтып, отбасы ішіндегі үйлесімді қарым-қатынасқа негіз қалайды








