Мектеп ұжымында жағымды атмосфера қалыптастыру және балалардың өз сезімдерін түсіну дағдыларын дамыту мақсатында №14 жалпы білім беретін мектептің педагог-психологы «Менің эмоциялар әлемім» тренингін өткізді.
Ойын түрінде оқушылар бет-әлпет пен қимыл арқылы эмоцияларды тануды үйренді. «Эмоцияны тап» жаттығуында балалар әртүрлі көңіл-күйді сөзсіз бейнелеп көрсетті.
«Көңіл күйімнің түсі» атты шығармашылық бөлімде оқушылар өздерінің ішкі сезімдерін бейнелейтін ортақ плакат жасады. Сабақ соңында олар алған әсерлерімен және өздері туралы жаңа түсініктерімен бөлісті.
Педагог-психологтың қорытындысы бойынша, оқушылар өз сезімдерін жақсырақ түсінуді, эмоцияларды ажыратуды және оларды оң түрде білдіруді үйренді. Тамаша нәтиже!








