Бұл тренинг Жамбыл мектебінде «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы және «ДосболLIKE» жобасы аясында өтті.
Сабақтың мақсаты – оқушылар арасындағы өзара құрметті, сенімді қарым-қатынасты нығайту, бірін-бірі түсінуді арттыру және эмоционалдық қолдау көрсету.
Тапсырмаларды орындау барысында балалар топпен жұмыс істеп, бір-біріне жылы лебіздерін айтып, қолдау көрсетті. Осылайша олар достық пен бірліктің маңызын тереңірек сезінді
Психикалық денсаулық – бұл тек жеке адамның үйлесімі ғана емес, бүкіл ұжымның тыныштығы. Ал бірлік пен сыйластыққа толы сынып – баланың өзін қауіпсіз әрі бақытты сезінетін екінші үйіне айналады!








