Бүгін Психологиялық қолдау орталығымыз облыс колледждерінің психологтары, әлеуметтік педагогтері, кураторлары және тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарларына арналған семинар-практикум өткізді.
Еске сала кетейін, желтоқсан айында осы тақырып бойынша өңірдегі барлық мектеп мамандарына арналған бірқатар оқыту семинарлары өткен болатын!
Бүгінгі семинар да тәуекелдерді ерте анықтау, аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу және қолдауды қажет ететін балаларға уақтылы психологиялық көмек көрсету мәселелерін терең талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.
Мамандар психологиялық диагностика жүргізу үшін АСППМ платформасында жұмыс істеу әдістерін қоса алғанда, қажетті білім мен практикалық дағдыларға ие болды.
Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Болатовна Закиеваның бастамасымен енгізілген ӨҚЖ кестелерін толтыруға ерекше назар аударылды. Бұл құрал қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларды уақтылы анықтап, сүйемелдеуге мүмкіндік береді
Сондай-ақ семинар барысында төмендегі мәселелер жан-жақты қарастырылды:
ведомствоаралық өзара іс-қимыл алгоритмдері,
ерекше назардағы балаларды жеке қажеттіліктерін ескере отырып сүйемелдеу кезеңдері,
тәуекелдерді ерте тану және қорғаныш факторларын анықтау әдістері.
Семинардың практикалық бағыты қатысушыларға алынған білімді кәсіби қызметінде қалай қолдану керектігін түсінуге, балаларды қолдау мен қамқорлық жүйесін нығайтуға мүмкіндік берді.







