Біз мамандық таңдау тек бітіруші сыныпта емес, әлдеқайда ертерек – қарапайым қызығушылықтан, ойыннан, «Мен кім болғым келеді?» деген сұрақтан басталатыны туралы қаншалықты жиі ойланамыз?
Дәл осындай болашақ туралы ойлануға мүмкіндік Қарабалық ауданы Тоғызақ мектебінің 5-сынып оқушыларына берілді. Олар педагог-психолог Жұмағалиева А.А. өткізген «КәсібиКвиз» кәсіптік бағдар беру викторинасына қатысты.
Қызықты ойын форматында балалар мамандықтардың алуан түрлі екенін танып, әрбір еңбектің маңызды екенін, ал мектеп пәндері жай ғана сабақ емес, болашақ кәсіби қызметтің алғашқы құралдары екенін түсінді.
Викторина бөлімдері балалардың сұрақтарға жауап беруіне, ойлануына, күмәндануына, пікір таластыруына және командамен жұмыс істеуді үйренуіне мүмкіндік беретіндей етіп ойластырылды.
Оқушылар үшін оқу да – жауапкершілікке, табандылыққа және істі соңына дейін жеткізе білуге баулитын еңбек екені айқын болды деп сенемін.
Ал викторина өз-өзіне сенуден және қоршаған әлемге деген қызығушылықтан басталатын үлкен өмірлік таңдауға жасалған шағын, бірақ маңызды қадамға айналды.


1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg