Жітіқара ауданының №4 жалпы білім беретін мектебінде «Отбасы мен мектеп – баланың табысы» тақырыбында ата-аналарға арналған дәріс өтті. Бұл кездесу тәрбие мен баланың дамуына қатысты өзекті мәселелерді бірлесе талқылауға, ой бөлісуге және ортақ шешім іздеуге арналған ашық диалог алаңына айналды.
Дәріс аясында отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған тренингтік жаттығулар да ұйымдастырылды. Ата-аналар пайдалы ақпарат алып қана қоймай, талқылауларға белсенді қатысып, күнделікті жағдайларға баланың, мұғалімнің және басқа ата-аналардың көзқарасымен қарауға мүмкіндік алды
Осындай жұмыс форматтары ата-аналардың педагогикалық құзыреттілігін арттырып, тәрбиеде бірыңғай ұстанымның қаншалықты маңызды екенін терең түсінуге көмектеседі.
Бүгінде мектеп пен отбасы бір-бірінен оқшау өмір сүре алмайды. Бұл пікірмен бәріңіз келісесіздер деп ойлаймын. Балалар талаптар мен құндылықтардағы үйлесімсіздікті әрдайым сезінеді, ал бұл көбіне олардың мінез-құлқына, оқу мотивациясына және эмоционалдық жағдайына әсер етеді.
Ал ересектер біртұтас команда ретінде әрекет еткенде, бала өзін қолдауда, сенімді әрі тұрақты ортада сезінеді. Бұл – оның тұлғалық дамуы мен оқу жетістіктерінің берік негізі.
Тәрбие – бұл ережелер жиынтығы емес, ол сенімге, өзара құрметке және тығыз қарым-қатынасқа негізделген тірі үдеріс.








