АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ: «БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ – БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ МІНДЕТ!»
Арқалық қаласындағы Т.Әубәкіров атындағы жалпы білім беретін мектепте Орталығымыздың облыстық «Отбасылық клуб» жобасы аясында өте маңызды мәселелерге арналған ата-аналар жиналысы өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы аутоагрессивті мінез-құлықтың, зорлық-зомбылық пен буллингтің алдын алу бағытында отбасыларға профилактикалық қолдау көрсету.
Жиналыс барысында:
- Жасөспірімдердің психоэмоциялық жағдайы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді;
- Буллинг пен кибербуллингтің белгілері, себептері және алдын алу шаралары қарастырылды;
- Ата-аналардың қатысуымен тренингтік жаттығулар өткізілді.
- Тақырыпқа байланысты бейнероликтер көрсетіліп, белсенді пікір алмасу ұйымдастырылды.
Жиналыс соңында педагог-психолог ата-аналарға қажетті ақпараттары бар жадынамалар таратты.
Кездесудің басты нәтижесі – ата-аналар мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту және балалар үшін қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыру бағытындағы бірлескен жұмысты күшейту болды.
Дұрыс қорытынды жасалды: баланың қауіпсіздігі – тек мектептің емес, әрқайсымыздың жауапкершілігіміз!